$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандыда «Amanat» партиясының қолдауымен этно- мәдени орталық ашылды

01.03.2024ж. 20:00
584
Қарағандыда «Amanat» партиясының қолдауымен этно- мәдени орталық ашылды

Қарағандыда «Amanat» партиясының қолдауымен «Дәстүр» этно-мәдени орталығы ашылды. Көне дәстүрді жаңғырту партияның сайлауалды бағдарламасына енген болатын. Орталық 30-ға тарта қандасымызды жұмыспен қамтиды. Мұнда қолөнер бұйымдарын жасау сабақтары мен ұлттық аспап үйірмелері бар. Кез-келген жастағы қала тұрғыны келіп үйрене алады.

Меруеш БАШАЙҚЫЗЫ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы, жалпы өзіміздің ұлттық құндылықты дәріптеу, мынау ұмыт болған қолөнер дәстүрін жаңғырту. Соны жастарға үйрету мақсатында бүгін біз «Дәстүр» этно-мәдени орталығын осы Қарағандыда ашып отырмыз. Оған қолдау көрсетіп отырған «Amanat» партиясы.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Көнеден келе жатқан дәстүрді жалғастыру мақсатында тапсырма берілген болатын. Бұл енді біздің өңірімізге көшіп келіп жатқан ағайындарымыздан үлкен өтініш. Партиялық штаб осы өтініші қабылдаған болатын. Бүгін соның орындалысы».

Сондай- ақ бүгін «Amanat» партиясының өкілдері халықты партия жұмысымен таныстырды. Ашық есік күніне қоғам белсенділері мен қала тұрғындары, жастар қатысты. Партия мүшелері арнайы билеттер тапсырылды.

Ержан ХАМИТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Арнайы партбилеттер табысталды. сонымен қатар ашық есік күні аясында жастармен қонақтармен бірге алғыс айту мерекесін атап өтудеміз. Оған біздің ассамблея жанындағы «Сарыарқа жастары» қолғабыс көрсетіп, жастармен пікір алмасу алаңы да өтті».