Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оқушылар мұғалімдерге алғысын қарша боратты

01.03.2024ж. 20:00
618
Оқушылар мұғалімдерге алғысын қарша боратты

Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөзсіз. Білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қауымын мерекеде алғыс айтуды оқушылар ұмыт қалдырмады.

Тәтті тілдерімен тілектерін оқушылар тақпақтап жеткізді. Ұстаздарына алғаусыз алғысын айтып, жыр шумақтарын жарыса айтты. Шәкірттерінің шаттық толы жүздері мерекеге ерекше әр берді.

Талшын ӘБДІНАҒИ, ОҚУШЫ:

Алғыс айту мерекесі құтты болсын. Және мен мұғалімдерімді ол мерекемен құттықтаймын. Олар бізге білімдерін берген. Олардың сабақтары өте қызықты.

Айсәуле АБДИХАМИТ, ОҚУШЫ:

Бірінші наурыз алғыс айту күні болғанымен мен барша мұғалімдерді алғыс айту күнімен құттықтаймын. Ұстаздарымның маған үйреткен көп сабақтарынан жақсы нәрсе үйреніп келдім.

Шәкірттің алғысын арқалағаннан артық бақыт жоқ. Мұғалімдер мерекеде осылай деп қуаныштары қойындары сыймай жүр. Сабақтары да ерекше өтті. Көктемнің лебі сезілді. Өздері де алғыстарын айтып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Балнұр БОТАБАЙ, МҰҒАЛІМ:

Бірінші наурыз алғыс айту күнімен жүректен құттықтаймын. Осы тұста барлық шәкірттерімді Жәнеде 64-ші мектеп лицейіндегі барша ұстаздар қауымына мың алғысымды білдіремін. Сонымен қоса маған білім берген ұстаздарымада алғысым шексіз.

Әріп үйреткен жанға қырық жыл сәлем бер деген. Жас ұрпақтың бойына сапалы білім, саналы тәрбие егетін мұғалімдердің еңбегі өлшеусіз.