Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Тіршілік таңы атып, барлық адамдар жақынына алғыс айтып жарысуда

01.03.2024ж. 20:00
483
Тіршілік таңы атып, барлық адамдар жақынына алғыс айтып жарысуда

Астаналықтардың да өмірге, жақындарына бір-біріне айтар алғысы шексіз. Жүректен шыққан лебіз жан жылытады. Көшеге шығып, тұрғындармен тілдескен тілшіміз Дәрібек Бахытбекте сөз кезегі.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Көктемнің алғашқы күні керемет жайнап тұр. Күннің көзі жарқырап, көңіл күйді көтереді. Айнала аппақ тонын жамылып жатса да, көктемнің лебі сезіледі. Жұрттың бәрі бір-бірін алғыс айтып, құшақ қағысуда. Мен де көшедегі адамдарға алғысымды айтсам деймін.

 Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Сіздер де өзіңізге жақын жанға алғыс айтып, қуантып қойыңыз. Жаныңызға жанашыр жанға жан жылуын сыйлаңыз.