Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Павлодарда сауда үйінен өрт шықты

AstanaTV
02.03.2024ж. 15:05
992
Павлодарда сауда үйінен өрт шықты

Белгілі болғандай сауда үйінде орналасқан батут отқа оранған, деп хабарлайды @Pavlodarnew.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, М.Мәметова көшесі, 11 мекенжайында орналасқан сауда үйінің 2-қабатында өрт болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 10 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері келген кезде 2-қабатта түтін шыққаны анықталды. Сауда үйінде адам болған жоқ.

Сағат 9:12-де өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.