Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 17-жеңісіне жетті

AstanaTV
02.03.2024ж. 16:00
1008
Қазақстандық кәсіпқой боксшы 17-жеңісіне жетті

Кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Англияда өткен бокс кешінде қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түнде Сұлтан Зәуірбек (17-0, 12 КО) Англиядағы бокс кешінде колумбиялық Виктор Хулиомен (17-11, 9 КО) күш сынасты. Ол сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жектің соңына дейін жетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бастапқыда қазақстандық кәсіпқой боксшының бұл жекпе-жектегі қарсыласы Карлос Даниэль Кордоба болуы керек еді. Алайда аргентиналық боксшы жекпе-жекке үш күн қалғанда жарақат алып, орнына Хулио шықты.