$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Жайықжылуқуат» мекемесінен көптеген заңбұзушылықтар анықталды

AstanaTV
13.01.2017ж. 20:00
3158
«Жайықжылуқуат» мекемесінен көптеген заңбұзушылықтар анықталды

Батыс Қазақстан облысындағы «Жайықжылуқуат» мекемесінен көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Прокуратураның дерегінше, жүргізілген тексерістен кейін монополист мекемеге 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Құзырлы орган компанияның бюджет қаржысын тиімсіз жұмсағанын анықтапты. Сонымен қатар техникалық талаптарды беру мерзімі мен конкурстық құжаттамалардың мерзімі кешіктірілген. Ал қыруар ақша шығындап сатып алған екі су сүзгішті монополист мекеме мүлдем қолданбапты. Осындай заңсыздықтарға жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір қалғандары тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр.

Тажиден Найманов, БҚО прокурорының орынбасары:

Компания су тазалайтын 2 сүзгіні 35 миллион теңге сатып алған. Бірақ бұл құрылғылар екі жыл бойы қолданылмаған. Әрі кәсіпорынға керегі де шамалы болып шықты. Өйткені ескі сүзгілер су тазартуға әлі де жарамды. Қазір соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.