Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлерге құрмет көрсетілді

04.03.2024ж. 20:00
451
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қариялар қашан да құрметке лайық. “AMANAT” партиясының оралдық филиалы өңірдің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетті.  «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында мұндай кездесулер ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Бұл жолы бас қосқандардың бәрі де - қоғамның әр саласында ұзақ жыл еңбек еткен жандар. Олардың ішінде ұстаздар, дәрігерлер, тағы да басқа құрметті мамандық иелері де бар. Аға буынмен кездесу бейресми форматта, ақ дастарқан басында өтті. Қариялар өткен өмірі туралы әңгімелеп, қызықты естеліктерінен сыр шертті. Оларға жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

Нұргүл АШЫҚОВА,  ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, “АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ” ЖОБАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ:

Мынадай жүректі мейірімге толтыратын, бір көңілің толқып, осы кісілерге алғыс айтқың кеп тұратын мереке болғандықтан, сол партияның жобасы аясында осы кісілердің алғысын алып, ризашылығымызды білдіріп, бұл кісілер назардан тыс қалмасын деп осы кісілерге көңіл бөліп құрметтейік деген бағытта жасалып жатырған шара.