Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы АХҚО Сот төрағасының ант беру рәсіміне қатысты

04.03.2024ж. 20:00
263
Мемлекет басшысы АХҚО Сот төрағасының ант беру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Сот төрағасы лорд Ян Бернеттің ант беру рәсіміне қатысты. Ресми жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл институттың коммерциялық дауларды шешуде елеулі қызмет атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ орталық инвесторлар сенім артатын маңызды алаң саналатынын айтты. Президент лорд Ян Бернеттің жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, өз міндетін ыждағаттылықпен орындап, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге күш салған Соттың бұрынғы төрағасы лорд Джонатан Мансқа ризашылығын білдірді. Жиыннан соң Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Сотын және Халықаралық арбитраж орталығын еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін негізгі тәуелсіз институттар ретінде дамыту перспективасын талқылады. Президент дауларды шешуге қатысты халықаралық құқықтың үздік тәжірибесін енгізу, сондай-ақ заманауи технологияны, оның ішінде жасанды интеллектінің әлеуетін белсенді түрде пайдалану маңызды екенін айтты.