$455.12 €498.99 ₽5.55

Ақтауда полиция есірткі өсімдігін өсірген шетел азаматын ұстады

Ақтауда полиция есірткі өсімдігін өсірген шетел азаматын ұстады
Polisia.kz

Шетел азаматы сот шешімімен 10 тәулікке қамалды

Ақтауда полиция есірткі өсімдігін өсірген шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды AstanaTV.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен 2026 жылғы 16 қарашада Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының 25-шағын ауданындағы ғимараттардың бірінің маңында 39 жастағы шетел азаматын ұстады. Жеке тінту барысында оның күртесінің қалтасынан марихуана заты бар полиэтилен пакет, сондай-ақ ғимараттың кілті тәркіленді. Кейін аталған ғимаратта жүргізілген тінту кезінде арнайы жабдықталған бөлмеден заттай дәлел ретінде 14 шам, желдеткіш, екі термометр және қарасораның 40 түбі табылып, тәркіленді. Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 11,920 келіні құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ұсталған азамат медициналық куәландырудан өтті. Оның ағзасынан каннабиноидтардың метаболиттері анықталды. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.