$498.34 €519.72 ₽4.85
×

4 наурыз - семіздікпен күрес күні

AstanaTV
04.03.2024ж. 20:00
515
4 наурыз - семіздікпен күрес күні

Жыл сайын 3 миллиондай адам артық салмақтан немесе шамадан тыс семіру нәтижесінде көз жұмады. Ең өкініштісі, бұл ауру балалар арасында жиі кездесуде. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда 11 мен 15 жас аралығындағы семіздікке шалдыққан балалардың үлесі екі есе өскен. Бұл мамандарды алаңдатып отыр.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Бүгін менің тамақтануға уақытым болған жоқ. Фастфуд өнімдері - жұмысы тығыз, уақыты аз адам үшін кез - келген жағдайда алаңсыз дәмді тамақтанып алудың таптырмас мүмкіндігі. Дәмін татып көрген бала түгілі ересектер де қайталап жегісі келеді де тұрады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Күнделікті шаурма донер алып жеп тұрамын
- Фастд-фуд аптасына үш рет міндетті түрде аламын (аударма)
- Аптасына екі мәрте жейміз

Қазақстандық жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен қауіп факторлары 11 жастағы балалардың артық дене салмағынан жиі зардап шегетіні анықталды. Осы жастағы әрбір төртінші баланың салмағы бойына сәйкес келмейді. 15 жастан асқандардың 53 пайызы артық салмақ пен семіздіктен зардап шегіп отыр. Халықтың 16 пайызы жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан.

11 жас – 14,3
13 жас – 26,7%
15 жас - 24,2%

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 90% жағдайда артық салмағы бар балалар кейінірек артық салмақты ересектерге айналады. Семіздіктің соңы онкологияға әкеліп соғу ықтималдылығы жоғары дейді – мамандар

Махаббат ИБРАГИМ,  ЭНДОКРИНОЛОГ, ПСИХОТЕРАПЕВТ:

Артық салмақ ер азаматтар арасында инфарк, инсультқа ерте алып келеді. Қан тамырларын май басуға. Ең конечный итог онкологияға жеткіземіз.

Сарапшылардың есептеуі бойынша 98% жағдайда семіздіктің себебі дұрыс емес өмір салтында, төмен физикалық белсенділікте және дұрыс тамақтанбауда, артық тамақтануда жатыр. Қалған 2% зат алмасу бұзылуларына, белгілі бір дәрілерді ұзақ уақыт қабылдауға және тұқым қуалайтын факторға байланысты.

Елена САПРИНА,  НУТРИЦИОЛОГ:

Бала көргенін қайталайды. Күнде қарапайым көмірсуларды көп қолданатын болсақ, балаларымыз да соны жейді. Фастфуд – балалар мен жасөспірімдер арасында семіздіктің көбеюіне әсер ететін фактордың бірі. Энергетикалық және газды сусындар, пицца, бургер, фри сияқты тағамдар балалардың күнделікті өмірінде жиі кездеседі. Трансмайлардан тұратын фастфудтың ағзаға еш пайдасы жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қазір дамушы елдердегі артық салмағы бар балалар санының өсу қарқыны дамыған елдермен салыстырғанда 30 пайызға жоғары.