Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты республикалық жедел штаб жұмысы іске қосылды. Мұндай орталықтар Алматы қаласында, Жетісу және Алматы облыстарында құрылған. Құтқару қызметі және психологиялық көмек қажет болған жағдайда, экранда көрсетілген номерге жүгінуге болады. Одан бөлек, Алматы қалысындағы орталыққа 2-78-20-83 және 2-78-20-84 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз. Алматы және Жетісу облыстарында да қызмет іске қосылған. Қалада 384 қабылдау пункті ашылды. Олар 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадионда орналасқан. Алматы облысында 173 қабылдау-эвакуациялық пункт дайын. Өңірде 16 жылыту автономды зеңбірек бар. Аудандардағы эвакуациялық пункттердің тізімі мен мекен-жайларын Департаменттің сайтынан білуге болады.