$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты бірқатар тапсырма берді

AstanaTV
04.03.2024ж. 20:00
650
Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасына жазды. Шыңғыс Әріновтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Берік УӘЛИ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ – БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.