$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтауда көліктен шыққан өрттен жүргізушінің қолын күйік шалды

AstanaTV
04.03.2024ж. 23:36
708
Ақтауда көліктен шыққан өрттен жүргізушінің қолын күйік шалды

Ақтауда көлік өртеніп, оқиға кезінде 42 жастағы жүргізушісінің қолы күйіп қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыстан болған жағдай кезінде "Opel" көлігінен өрт шыққан.

4 наурыз күні сағат 16:35-те Ақтау қаласының 23-ші шағын ауданында 1994 жылы шыққан "Opel" маркалы автокөлігі жанды. Нәтижесінде 1982 жылы туған жүргізушісінің оң қолының 5-6 пайыз бөлігі күйген. Өрт 16:45-те сөндіріліп, оқиға орнына жеке құрамның 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды, - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.