Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Стамбұлда жарылыстан екі адам көз жұмды

AstanaTV
05.03.2024ж. 14:31
273
Стамбұлда жарылыстан екі адам көз жұмды

Стамбұлда жанармай таситын көлікті жөндеу кезінде жарылыс болып, екі адам көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, автотұрақта тұрған цистернаға дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда жарылыс болған.

Көлікті жөндеп жатқан дәнекерлеуші оқиға орнында көз жұмды. Ал жанында тұрған үш жұмысшының біреуі алған жарақаттарының кесірінен ауруханада қайтыс болған.

Тағы екі адам тиісті ем-дом жүргізілген соң үйлеріне жіберілді.

Қазір екі адамның өліміне себеп болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қауіпсіздік ережелерін сақтамай, цистернаны жөндетпек болған үш адам қамауға алынды.