Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Газа секторында соғыстан қаза тапқан палестиналықтар саны 30534-ке жетті

AstanaTV
05.03.2024ж. 19:37
226
Газа секторында соғыстан қаза тапқан палестиналықтар саны 30534-ке жетті

Газа секторында Израильдің үздіксіз шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 30534-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Хамас бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің дүйсенбідегі мәлімдемесінде Израиль армиясы соңғы 24 сағат ішінде 124 палестиналықты өлтіріп, 210 адамды жарақаттағаны жазылған. Ал, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғаннан бері 30534 палестиналық қаза тауып, 71 920-сы жараланған.

Ведомство азаматтық қорғаныс және жедел жәрдем бригадаларының жетіспеуінен бомба түскен жерлерде үйінді астында қалғандардың саны белгісіз екенін хабарлады.