Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада боччадан ашық республикалық турнир өтті

05.03.2024ж. 20:00
304
Астанада боччадан ашық республикалық турнир өтті

Астанада боччадан ашық республикалық турнир өтті. Сайысқа еліміздің 10 облысынан 70 спортшы қатысты. Турнир осы спорт түрінен алғашқы жаттықтырушы болған Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды.

Сұлтанбек Орынбасаров елімізде бочча спортының негізін қалаушылардың бірі еді. Жеткен жетістігі де жетерлік. Ол небәрі 23 жасында өмірден озды. Жас болса да спорттың осы түрін елде дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Еске алу турнирі екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Шарипа ҚҰРМАНБАЕВА, С.ОРЫНБАСАРОВТЫҢ ТУЫСЫ:

Өмірден ерте кетіп қалғаны өте өкінішті. Біраз нәрселер жасайтын еді осы күнге дейін. Жатқан жері жайлы болсын бауырымның. Басқалар осы Сұлтанбектің ары қарай бастаған ісің жалғастырсың.

Жарысқа қатысушылар балалар мен ересектер. Оған тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар қатысады. Игнат Галагин небәрі 17 жаста. Айтуынша спортшының алғашқы жарысы екен.

Игнат ГАЛАГИН - ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Жақсы маған ұнайды. Спортпен жақында бастадым шұғылданып. Үйреніп жүрмін. Қазір бәрі керемет. Бәрі күшті. 

Турнирге жиналғандар марқұмды еске алып, жалт еткен саналы ғұмырын саралады. Ұйымдастырушылардың айтуынша басты мақсаты – елдегі ең үздік спортшыларды анықтап, салауатты өмір салтын насихаттау.

Нұргүл ҰЛЖЕКОВА - ҚАЗАҚСТАН БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Орынбасаров Сұлтанбек осы бочча спорт түрін 2017 жылы Қазақстан үшін ашқан болатын. Ол жәй дене шынықтыру мұғалім болатын. Одан кейін ол осындай ерекше балаларды бочча спорт түріне тартып, {енді қазіргі кезде бочча спорт түрімен қанша ма адам} 20 қаладан аса Қазақстан осы бочча спорт түрімен айналысып жатыр.

Айта кетейік, жарыс 3 күнге созылады. Қатысушылар арнайы алғыс хат, медальдармен марапатталады. Турнирдің өтуіне Астана қалалық әкімдігі қолдау білдірді.