Көлігі бұзылғандар Катяны іздейді. Ақтөбеліктер темір тұлпардың тілін Екатерина Ковтун секілді ешкім түсінбейді дейді. Тіпті оны көрші елден іздеп келетіндер бар. Ол көлікті шашып, толықтай жинай алады. Білгенін өзгелерге үйретіп жүр. Болашақта арнайы мектеп ашқысы келеді.
Екатеринаның негізгі мамандығы аспаз-кондитер. Бірақ ас әзірлеп, бір күнде еңбек етпеген. Катя көлікке кішкентайынан қызыққан. Небәрі 16 жасында техниканың тілін түсініп алды.
Содан бері 14 жыл осы салада келеді. Әуелі автослесарь болды. Кейін көліктің пештерін, мұздатқышын жөндеуді меңгерді. Қазір тіпті көлікті шашып тастап, қайта жинай береді.
Екатерина КОВТУН, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЕБЕРІ:
Қазір негізінен автокөліктерге тонировка, бронирование жасаймын. Бірақ өз көлігімді өзім жөндеймін. Ешкімге сене алмаймын. Барлығын бөлшегін өзі істей аламын. Негізінен мен пештерді, мұздатқыштарды жөндеймін, линза орнамын. Барлығын істей беремін. Өзіме ұнайды.
Катя өз ісін кәсіби меңгергенімен алғашында жұмыс істеу қиынға соғыпты. Орталыққа келгендер оған күмәнмен қараған. Қазір керісінше, барлығы оны арнайлап іздеп келеді. Кезекке тұрады. Өз кәсібін бастағанына үш жылға жуықтаған. Оған бұл салада еңбек ету алғашында қиынға соққан.
Евгений ЛЕТИН, ӘРІПТЕСІ:
Әуелі кейбір клиенттер әйел адам деп Катяға сенбей қарайды. Кейін оның өз ісінің маманы екенін көргенде, артынан өздері іздеп келеді. Қазір қалада көп адам Катяны таниды. Біздің салада адамдардың таңдауы бірінші кезекте ғой. Қай жерде қызмет жоғары деңгейде сонда барады.
Қазір Екатерина жас мамандарды оқытумен де айналысып жүр. Бүгінде одан білім алуға тек ақтөбеліктер ғана емес, көрші облыстардан да келушілер бар.
Екатерина КОВТУН, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЕБЕРІ:
На обучение, например из Кульсары ... Менен үйренуге Атыраудан Құлсарыдан жігіттер келді. Біршама уақыт қасымда жүріп барлығын үйренді. Қазір сол жақта өз автоқызмет көрсету орталығын ашты.
Болашақта кейіпкеріміз өзінің автокөлік жөндеуді үйрететін мектебін ашуды армандайды.