Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік шара өтті

AstanaTV
05.03.2024ж. 20:00
241
Астанада «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік шара өтті

Астанада «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік шара өтті. Өмірде қиын жағдайға тап болған жандарға арналған шараны «Жанұя» отбасы институты орталығы мен қала әкімдігі жанындағы «Руханият» мекемесі бірлесіп ұйымдастырды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдағы әйелдердің құрметіне ұйымдастырылған шараға 60-тан астам ана қатысты. Жалпы орталықтың сүйемелдеу бөлімінен 500-ден астам отбасы көмек алады. Олар әр мерекелік шарада бас қосып, демеушілер ұсынған сый-сияпатқа ие болады.

Құралай ЖАНҰЗАҚОВА, «ЖАНҰЯ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл орталықта тек қана 500 отбасы емес, бұл жерде 2 мыңнан аса адамның болашақта өмірінің жақсаруына себепші болып отырмыз. Сонымен қатар сүймелдеуден басқа психологиялық көмек, консультация үшін де келіп отырады.

Люция Ермекова- үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Үлкені мүмкіндігі шектеулі. Ерекше баласының күтімімен 12 жылдан бері үйде отыр. Астана қаласының тұрғыны балаларының тәрбиесіне, денсаулығына және дамуына барын салып келеді. «Жанұя» орталығының қолдауының арқасында баламен үйде алаңсыз отыруға мүмкіндік бар дейді ол.

Люция ЕРМЕКОВА,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Орталық әр мәселе бойынша толық кеңес береді. Ең алғаш мен бұл орталық туралы білгенім жоқ. Олар маған өздері хабарласып, не қажет екенін сұрады. Мен тұрмысым туралы толық айттым. Сонан кейін медициналық көмек көрсетілді. Біршама іс-шаралар ұйымдастырылып, бізге сый-сияпат көрсетті. Орталық көп қолдау көрсетуде. Сол үшін алғыс айтым келеді.

Гүлмира ӘЙКЕНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жанұя орталығына 2 жылдан астам уақыттан бері қызмет аламыз. Менің балам бар І топ мүгедек. Әр мереке сайын концерт ұйымдастырады, назардан тыс қалмайды. Көмек береді әрқашан. Осы «Жанұя» орталығына рақметімді айтамын. «Жанұя» орталығы деп бекерге айтылмаған, көмектесуге әрқашан дайын.

Шара барысында тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы қазақ тілінің мәртебесін көтеру, отбасы құндылығы мен жанұядағы әйел адамның рөлі туралы дәріс оқыды.