Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.
«Қазгидромет» болжамынша, солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі.
Батыс, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде -2…-11°C-қа дейін үсік жүреді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарының бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда мен Атырау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының кей өңірінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.