Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазан қаласына барды

05.03.2024ж. 20:00
299
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазан қаласына барды

Мәжіліс төрағасы Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласына барды. Ерлан Қошанов алдымен Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Татарстан – Ресейдің жетекші өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Біздің еліміздің маңызды серіктесі. Қазір Қазақстанда «Татнефть», «ТЭМПО», «КАМАЗ» секілді ірі кәсіпорындар өз өндірістерін іске қосқан. Тараптар осы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті. Әсіресе IT-парктерінің әлеуетін біріктіруді жоспарлап отыр. Кездесу соңында Татарстан Раисы Қазақстан басшылығының биыл Астанада «Ұлы Дала Дүбірі» ұранымен өтетін Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыруын ризашылықпен қабылдады. Сапар барысында Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасымен де кездесті. Ерлан Қошанов Фарид Мухаметшинге ел депутаттарының заң шығару жұмысы туралы айтты. Әсіресе, жаңа салық, бюджет, құрылыс және су кодекстеріне, халықтың шамадан тыс несие алуын төмендету, лудоманиямен күрес, әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі заң жобаларына тоқталды.