Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Пітір садақа - 640 тг

AstanaTV
05.03.2024ж. 20:00
379
Пітір садақа - 640 тг

Қасиетті ораза 11 ші наурызда басталады.Ал сәуір айының 5-нен алтысына қараған түн -қадір түні. Сондай-ақ 10 -шы сәуір -ораза айт мерекесі. Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты Ораза кестесіне өзгеріс енгізілген. Сауаптар молынан жазылатын айда дін өкілдері, халықты барынша қайырлы істер жасауға шақырды. 

Ғазірет ТАҒАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МУФТИІ:

Қасиетті айда жүзеге асатын, рамазан қоржыны, рамазан тәттісі, жомарт жұма сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды, аузашар уақытында өткізген абзал екендігін айрықша атап өткіміз келеді

Айта кетейік, рамазан айында берілетін пітір садақа көлемі 640 тг деп бекітілген. Яғни тұрмыстық жағдайы жақсы, көмек көрсетуге мүмкіншілігі бар жандарға міндеттеледі.

Сансызбай ШОҚАНОВ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Пітір садағасын беру уәжіб. Кімге уәжіб сол бай дәулетті адамдарға. Осы пітір садағасы рамазанда адам кемшілік істеп қоюуы мүмкін, сол кезде бұл не болады жамау болады.