Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Солтүстік Қазақстан облысында маралдар қырылып жатыр

06.03.2024ж. 20:00
371
Солтүстік Қазақстан облысында маралдар қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында маралдар қырылып жатыр. Жабайы жануарлар Есіл ауданындағы “Красный бор” қорығына тиесілі. Олардың 30-ға жуық өлексесі арнайы табиғи аймақтың маңайындағы қоқыс полигонына тасталған. Жағдайдың анық-қанығын қазір құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Ал қор қызметкерлері мұны қаһарлы қыстың салдарымен байланыстырады. Жалпы «Красный бордың» аумағы 62 мың гектардан асады. Былтырғы санақ бойынша нысанда 1300-ден астам марал тіркелген. Табиғи аумақта еліктер мен қабандар да тіршілік етеді. Олар мемлекет қорғауына алынған. Жануарлардың қысқы жеміне биыл 5,5 млн теңге бөлінген. Сала мамандары азықтың жеткілікті екенін айтады.

Қуан ЕСІМОВ, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Қыс бойы жаңбыр жауды, одан кейін қатты аяз болды. Оның үстіне бізде қардың көлемі өте көп. Сондықтан да оларға азық табу өте қиын болып жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша оларда инфекциялық аурулар табылмаған. Бірақ ауа райының құбылмалы болуына байланысты олар қырылды.