Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысып, барша әйелдер қауымын мқұттықтап сөз сөйледі. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Салтанатты жиында Мемлекет басшысы «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.
«Ару-Ана» байқауының жеңімпаздары:
1. «Ауыл әйелдерін дамытуға арналған үздік жоба» номинациясы бойынша – Елшібаева Бақытгүл Қазезбайқызы;
2. «Ғылым саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы;
3. «Азаматтық сана-сезімді дамыту бағытындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Ахмеджанова Әлия Серікболқызы;
4. «Ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Михалёва Анастасия Анатольевна;
5. «Агробизнес саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Арқашбаева Ботагөз Махамбетқалиқызы;
6. «Креативті индустрия саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Еділбекова Мәдина Еділбекқызы.
Салтанатты жиыннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелмен әлем әдемі» атты мерекелік концертті тамашалады.