Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Футбол: Қазақстан-2024 кубогының жеребесі тартылды

AstanaTV
07.03.2024ж. 18:22
445
Футбол: Қазақстан-2024 кубогының жеребесі тартылды

Астанада Қазақстан кубогының биылғы маусымының жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша ҚПЛ клубтарының қатысуындағы алдын ала іріктеу ойындарының топтық кезеңдері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алдын ала іріктеу ойындарының топтық кезеңі анықталды. Жалпы турнирде 32 клуб қатысады. Алдын-ала іріктеу кезеңінде Бірінші және Екінші лиганың 19 клубы 6 топқа бөлініп, өзара бір ойыннан өткізеді", деп хабарлайды QFL баспасөз қызметі.

Топтың 6 жеңімпазы көрші топта 1-орын алған командамен ( А-В, С-Д, Е-F) бір ойын арқылы жолдама иегерлерін анықтайды.

11-19 наурыз. Бірінші кезеңнің топтық раунды

21-23 наурыз. Бірінші кезеңнің плей-офф ойындары

Барлық ойындар Шымкент қаласындағы БИИК спорт кешенінде өтеді.