Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Неке қимас бұрын жастар өз денсаулығын қарап, тиісті медициналық тексерістерден өтуі керек", - Ш. Каринова

07.03.2024ж. 20:00
242
"Неке қимас бұрын жастар өз денсаулығын қарап, тиісті медициналық тексерістерден өтуі керек", - Ш. Каринова

Бедеулікке ұшыраған жас отбасылар саны жылдан жылға көбейіп барады. Соңғы үш жылда Экстракорпоральды ұрықтандыруға жеті мың квота бөлінген. Бұл туралы «AMANAT» партиясының «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында «Қыз бала денсаулығы – ұлт денсаулығы» деген атаумен өткен шарада айтылды. ЭКО-ның ақылы түріне өтінім беріп жатқандардың көбі 22-23 жастағы қыз-келіншектер. Сондай-ақ, басқосуда бұрымдылардың денсаулығына байланысты өзекті мәселелер көтерілді. Партия Хатшысы Шолпан Каринова жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығының қалыптасуы – халықтың демографиялық көрсеткішінің маңызды ресурсы екенін айтты. 

Шолпан КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Шын мәнісінде, ұрпақ саулығы жастардың саулығында. Сондықтан, әрбір қазақстандық қыз болсын, әрбір отбасы болсын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек. Неке қимас бұрын жастар өз денсаулығын қарап, тиісті медициналық скринигтардан өтіп тұруын біз алдағы уақытта қарастыратын боламыз. Оның негізгі мақсаты, әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың барысында дүниеге дені сау бақытты ұрпақты әкелу.

Жиынға 80-ге жуық бұрымды қатысты. Қыз-келіншектер өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, мамандармен пікір алмасты. Қатысушылар осындай шаралар жиі өткізілсе жастар арасында кең таралған аурулар мен күрмеулі мәселелер азаяды дейді.

Эльвира ТЕМІРБЕКОВА, СТУДЕНТ:

Біз кездесуге келген спикерлерден заңнамаларды, стратегияларды, статистикаларды және де алдағы уақытта болатын қыз балаларға керекті нақты ақпараттарды сұрау үстіндеміз.