Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордада «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында тоғызқұмалақтан турнир өтті

07.03.2024ж. 20:00
351
Елордада «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Елордада әз-наурыз мерекесіне орай «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында тоғызқұмалақтан турнир өтті. Шараны «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы ұйымдастырды. Турнирде 30-ға жуық команда бақ сынады. Көшпелі кубок келер жылы жеңімпаз команданың ұйымдастыруымен өтеді. 

Құрманжан БАЙКӨБЕКОВ, ҚАТЫСУШЫ:

Бұл тоғызқұмалақ ойыны бұл әсіресе мынау жасөсіпірімдерге өте пайдалы ойын. Ол қойшы математикасы деп аталған. Ата-бабаларымыз кезінде ойнаған. Бұл тоғызқұмалақ ойыны өте логикалық, балалар 3-ші кластан бастаса да өте жақсы. Бұл бір жағынан тез шешім қабылдауға, ойлау қабылетін дамытуға, балаларды осыған тәрбиелейді, үйретеді осы.

Мұхамеджан БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет басшысының өзі атап өткендей әз-наурыз, біз мынау наурыз жыл басы деп жатамыз. Осы наурызды тойлауды, наурызды ұлықтауды біз ерекше назар аударуымыз керек. Оны ауқымды қылып өткізуді. Сондықтанда біз мынау әз-наурыздың басын ұлттық ойындардан бастадық.