Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Бұл заң мемлекет мүддесінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді деп сенемін", - М. Әшімбаев

07.03.2024ж. 20:00
308
"Бұл заң мемлекет мүддесінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді деп сенемін", - М. Әшімбаев

Сенат капиталды елден шығаруға бақылауды күшейтетін заңды мақұлдады. Ол Мемлекет басшысының трансферттік баға белгілеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Себебі, осыған дейін шикізат өнімдерін трейдерлерге төмендетілген бағамен сату фактілері тіркелген. Енді заңға Президент қол қойып, күшіне енсе, мұндай жағдайлардың алдын алуға болады. Өйткені капиталға бақылау күшейтіліп, нарықтық бағаны анықтау әдістері жетілдіріледі.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Заңда халықаралық іскерлік операциялар мен келісім-шарттар жасау кезінде кіріс ысырабын болдырмауға бағытталған қосымша ережелер қарастырылған. Сондай-ақ, капиталды елден шығаруға бақылауды күшейтуге арналған түзетулер бар. Алдағы уақытта заң бұл салада мемлекет мүддесінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді деп сенемін.