$453.26 €506.7 ₽5.58

Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер олимпиадасындс алтыншы орын алды

Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер олимпиадасындс алтыншы орын алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында өнер көрсетті

Отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден шешуші кезеңге жолдама алған болатын. Финалда Руденко қашықтықты 1 минут 3,33 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл сында Қытай өкілі Се Ичэнь (1:01.03) топ жарды. Жапониялық Иори Миядзаки (1:01.30) күміс жүлдеге ие болса, Литва спортшысы Домас Вилимас (1:01.75) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Анатолий Руденко 200 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен финалда да алтыншы орын алған еді.