Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астаналық қыз-келіншектерге тілшіміз тосын сый жасады

07.03.2024ж. 20:00
286
Астаналық қыз-келіншектерге тілшіміз тосын сый жасады

Иа, мерекемен ерекше құттықтауға барлығы асығып жатыр. Әлеуметтік желілерде толассыз тілектер таралуда. Сыйлық алуға асыққандарға Дәрібек Бахытбек тосын сый жасап, жылы лебізін білдірді. 

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Әйел - Ана, Әйел - Ару, Әйел - Гүл! Жан-жағына жылулық сыйлайтын әйелдер қауымы қашанда береке-бірліктің жаршысы. Айналамыз ақ ұлпа қар болса да, көңіл күй ерекше. Өйткені, мереке Астанаға кеш келетін көктемнің сәулесін сезіндіріп тұрғандай. Барша аналарды, қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізімізді жеткізейік.
Мерекеңіз! Көктемдей құлпырып жүре беріңіз!

Күтпеген жерден сый алған аналар мен арулар қуанышын жасырмады. Жылы жүзбен рақмет айтты.

- Сәлеметсіздер ме, мерекелеріңізбен!
- Да вычо
- Көктемнің шуағындай құлпырып жүре беріңіздер.
- Кинодан көрсекте.
- Рақмет.
- Оооо рақмет.

Қаланың тіршілігі қашанда қарбалас. Соған қарамастан қыз-келіншектер құттықтауды қабыл алып, өздері де аналарын құттықтауға асықты.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Құрметті арулар! Баршаңызды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын! Баянды бақыт тілеймін!