Атырау, Ақтау, Ақтөбе қаласының қыз-келіншектері қоғамдық көлікте тегін жүреді. Жолаушы тасымалдаушылары нәзік жандарға осындай сый жасады. Олар 1 күн бойы қала ішіндегі және маңындағы қоғамдық көліктерге ақы төлемейді. Айта кетейік, қоғамдық көліктер таңертең 7 ден кешкі 9 ға дейін қатынайды.
Ләззат ДОСМАҒАМБЕТОВА, «SMART QALA» ЖШС БАСШЫСЫ:
Атырау қаласының әкімдігінің, сонымен қатар тасымалдаушылар Smart Qala ұжымының атынан осы ертеңгі күнге 8 наурыз күні Атырау қаласындағы барлық әйел заты, ханымдарға автобуста қатынау тегін екендерін қаперлеріңізге береміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқашанда әсемдіктің,әдеміліктің символы болып, жанұяларыңызда бақытты болып, тек әп-әдемі болып жүре беріңіздер!