Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Көпбалалы аналарға бір реттік жәрдемақы беріледі

AstanaTV
07.03.2024ж. 20:00
282
Көпбалалы аналарға бір реттік жәрдемақы беріледі

Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бір реттік материалдық төлем беріледі. {КСМ} 5 облыстың әкімдігі «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген батыр аналарға қаржылай құттықтау жолдамақ. Жәрдемақы мөлшері өңірлердің бюджетіне қарай әртүрлі белгіленген. Көпбалалы отбасылар тізімінде көш бастап тұрған Түркістан облысы әкімдігі 42 250 анаға материалдық сый жасайды. Ал астаналық әйелдер 34 мың теңге алады.