Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әйелдерге әйелдер қолдау көрсетуде

07.03.2024ж. 20:30
1329
Әйелдерге әйелдер қолдау көрсетуде

Қарағандылық әйелдер әйелдердің отбасылық мәселелерін шешуге белсене кірісіп жатыр. Қаладағы отбасын қолдау орталығында кілең нәзік жандылар жұмыс істейді. Олар өздері секілді азаматшаларға тегін психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай демеушілер арқылы баспана алып бермекші. 

Екі- ақ апта бұрын ашылған отбасын қолдау орталығында жұмыс қызып тұр. Тұрғындар балабақшаға, баспанаға кезекке тұрудан бастап қарыз, ажырасу секілді сұрақтармен келеді. Ләззат Қожахметованың айтуынша тұрмыстық- зорлық зомбылық көбейіп, отбасы институты әлсіреген мына заманда көмекке мұқтаж әйел көп.

Ләззәт ҚОЖАХМЕТОВА, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Күнінде Қарағанды қаласында 30-40 адам ажырасуға өтінім берсе, соның екеуі ғана өзінің өтінішін қайтып алады. +Қосылғанына үш- ақ ай болған, босанғанына 10-15 күн болған азаматтар көмекке мұқтаж.

Алайда орталық әйел мүддесін қорғап қана қоймай бүкіл жанұя мүшелерімен жұмыс істейді. Орталықта ажырасуға келген ерлі-зайыптыларға ювеналды сотпен бірлесіп психологиялық диагностика жасалады. Медиация кабинетінде психологтар екі жақты татуласуға шақырады.

Гүлмира АТЕНШИНА, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Отбасында, қасында, өмірінде ішкі дүниесін ашып сырласатын адам табылмаса осы жерге келеді. Отбасында олар көбісі сырын айта алмайды. Кеңесіп біткен соң олар өз өмірлеріне кішкене басқаша қарай бастайды.

Мамандардың айтуынша казақстандықтардың тағы бір проблемасы ол- қалтаға карамай карыздану. Заңгерлер азаматтардың атынан банктерге хат жазып пайыздарын шегеруге тырысуда.

Мадина ЖАППАРОВА, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:

Микроқаржы ұйымдарынан несие алған азаматтар өте көп. Күннен күнге артып келе жатыр. Оның ішінде 20 жастағы студенттер де бар. Қазір мына қаржы сауаттылығын оқытып жатыр. Оны әр адам оқуға құқылы ақысыз. Әр адам оны үйрену керек. Үйде отырып та балаларымызға үйрету керекпіз.

Екі аптада мұндағы заңгерлер мен психологтар, әлеуметтік мамандар 2 жүзге тарта тұрғынға көмектесті. Олар көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен кедейлік шегіндегі жанұялар. Тіпті жәй ғана мотивация алуға келгендер де бар.

Баян МҰХТАРОВА, ТҰРҒЫН:

Орталық өте қажет деп ойлаймын. Мен осы орталық ашылғалы психологтарға кірдім, заңгерлерден көмек алдым. Өте көмектері тиді маған.

Айта кетейік орталық қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларды уақытша баспанаға орналастырады. Сонымен бірге демеушілер арқылы баспана алып бермекші Нәзік жандылардың мақсаты, әр қазақ отбасына татулық пен тыныштық сыйлау.