Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер университетте оқып жүр

07.03.2024ж. 20:00
311
Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер университетте оқып жүр

Ақтөбеде 83 жастағы әже университетте оқып жүр. Зауза Молдабаева ағылшын тілін үйреніп, компьютерді жетік меңгеруді мақсат етіпті. Зейнет жасына келсе де үздіксіз білім алып, заманауи техниканы тілін үйреніп жүрген зейнеткермен тілшіміз тілдесті. 

Зауза Молдабаеваның негізгі мамандығы дәрігер. Ғұмырының 41 жылын осы салаға арнап, ұзақ жылдар бойы Темір ауданында терапевт дәрігер болып қызмет істеген. Зейнетке шығып, қолы босағанда да қарап отырмай қоғамдық жұмысқа да белсене қатысыпты. «Күміс университет» туралы естігенде ойланбастан осында білім алуға келіпті.

Зауза МОЛДАБАЕВА, «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Қазір шаруаның барлығы компьютер арқылы бітеді. Сондықтан ақпарат үстемдік алып тұр. Сол сандық ақпаратсыз шаруа бітпейді. Сондықтан сол сандық ақпарат жүйесін түсіну үшін осы курсқа келдім.

Зауза Молдабаеваның ұл-қызын өсіріп, немере сүйіп отырған әже. Сондықтанда әженің өзі білімді болып, компьютер меңгеріп, ағылшын тілін білгені артық етпейді деп санайды. Әже курстағы елу адамның ең егдесі болғанымен сабақта өте белсенді. Қазірдің өзінде ағылшын тілін әжептеуір меңгеріп алған.

Зауза әжей секілді бұл жобамен елу шақты адам білім алып жүр. Ең жасы елу жаста. Олардың көпшілігі қаржылық сауаттылық, ағылшын тілі, цифрлық сауаттылық секілді бірнеше сала бойынша білім алуда.

Сандуғаш КАЛЕНОВА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНЫ:

Күміс университет» жобасы біздің университетімізде 2021 жылы іске қосылды. Сол уақытта бері 300-ге жуық тыңдаушымыз әр тақырыптар бойынша білім алып, сертификаттарға ие болды.

Кеуана әлеуметтік желіні де жетік меңгерген. Теледидар қарап, радио тыңдап елімізде әлемде болып жатырған жаңа өзгерістерден де әрқашан хабардар болып отырамын дейді.

Зауза МОЛДАБАЕВА, «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Өмірдің талабынан шет қалмауымыз керек. Себебі өмірдің қазіргі міндеттемелері бізге қойып отырған өте көп. Шетелде массмедиа өте дамып кетті. Енді біз солардан қалмауымыз керек. Соған ілесуіміз керек. Сосын біз басып өзып өз деңшейіміздеғ өзіміздің қазақ тілінде массмедианы меңгеруіміз керек.

Зауза әжей тек университетте тек білім алып қана қоймай, басқа студенттермен де жақын араласып өз білгенімен бөлісіп отырады.