Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Street Workout-пен айналысу үшін Қазақстанда 30-дан астам алаң салынған

AstanaTV
16.01.2017ж. 20:00
3472
Street Workout-пен айналысу үшін Қазақстанда 30-дан астам алаң салынған

Стрит воркаутпен айналысу үшін Қазақстанда 30-дан астам алаң салынған. Бұл туралы студенттермен кездесуде аталған спорт түрінен әлем чемпионы Дияс Биджиев айтып берді. Стрит воркаут - бұл  белтемір, көлденең сатылар мен гимнастикалық брусьяда жасалатын жаттығулардан тұратын жаңа бағыт. Егер адам ден қойып кіріссе, алдағы уақытта басқа да спорт түрлерімен айналысуға септігін тигізетін көрінеді.

Жастармен өткен кездесуде Дияс бірнеше жарқын мысалдар келтірді. Өзі 2008 жылы жаттығу жұмыстарын бастап, 6 жыл дайындықтың арқасында 75 елдің қатысуымен өткен жарыста әлем чемпионы атанған. Қазір еліміздегі Стрит воркаут федерациясы Олимпиадалық комитетпен бірлесе отырып бұл спорт түрін дамыту жолдарын қарастырып жатыр.

Дияс Биджиев, Street Workout бойынша әлем чемпионы:

Олимпиада комитетінің қолдауымен биыл еліміз бойынша арнайы алаңдар жасақтауды бастаймыз. Қазірдің өзінде стрит воркаутпен айналысуға 33 орын дайын. Онда жазғы уақытта толыққанды жаттығулар өтеді. 8 облыста біздің бапкерлер келушілерді тегін баулып жатыр. Ал Астанада қыста дайындалатын арнайы залымыз бар.

Мұндай форматтағы кездесулер «Жастар - Отанға!» жобасы аясында өтіп жатыр. Белсенділер мұны «Саламатты ұрпақ» акциясының бір көрінісі деп түсіндірді. Танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастыру көзделген. Бірақ, өздерімен қатар жастардың жетістікке жеткенін шынайы өмірде нақты мысалмен келтірудің әсері мол,-дейді ұйымдастырушылар.

Мұхаметжан Болысбек, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалының төрағасы:

Жастарға насихаттау, жастардың спорт түрлеріне барып өздерінің салауатты өмір салттарын қалыптастырып жақсы дамыту - ол енді, мен ойлаймын, жастардың басты мақсаты болуы керек.