«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Амур есімді аталық жолбарыс жабайы табиғатқа жіберілді, деп хабарлайды Astana TV.
Ол Қазақстанда жолбарыстарды қайта жерсіндіру бағдарламасы аясында табиғи ортаға шығарылған екінші жолбарыс атанды.
Амур табиғатқа жіберілер алдында ветеринариялық тексеруден және мінез-құлық сынақтарынан өтті. Мамандар оның денсаулығын, аңшылық дағдыларын және өздігінен қорек табу қабілетін бағалады. Нәтижесінде жолбарыстың табиғи ортада өздігінен тіршілік етуге дайын екені анықталды. Енді оның қозғалысы мен жаңа ортаға бейімделуі спутниктік қарғыбау арқылы бақыланады.