Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"9 бала аз ба?": қазақ баласын асырап алған шетелдік жаңа ақпаратты бөлісті

AstanaTV
09.03.2024ж. 10:15
444
"9 бала аз ба?": қазақ баласын асырап алған шетелдік жаңа ақпаратты бөлісті

Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы жағдайының қалай екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі "Шетелдегі қазақ балалары" жобасына сілтеп.

Юта штатындағы қазақ қызы 6 айлығында шекара асып, өзге елге аттанған.

Наргизаның ата-анасы 50 жасында Қазақстаннан екі бала асырап алған.

"Іштей толыққандылық сезінбедім. Тағы да балам болғанын қаладым. Алғашында бала асырап алғым келетінін күйеуіме айтқанда ол келіспеді. Саған 9 бала да аз ба деді. Бірақ, артынша келісіп, Қазақстаннан бала асырап алуды шештік", - деді Мэри-Энн.

Шетелдік ата-ана Қазақстаннан бала асырап алуға 3 отбасы болып барғанын айтады.

"Балалар үйіне барғанымда Джулия өзі қасыма келді. Оны бауырыма бастым. Сол сәтте ерекше сезім сездім. Бірақ ол менен қашып кетті. Келесі күні Никольды көргенде бірден қызым болатынын сездім",- дейді қазақ баласын асырап алған әйел Мэри Энн.

Никольдың шын аты - Наргиз. Ол мың бұрала билегенді, әуелете ән айтқанды жақсы көріпті. Ол қазір Ютадағы ЖОО бірінде оқиды.