Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркия президенті саясаттан кетуі мүмкін екенін айтты

AstanaTV
10.03.2024ж. 14:07
369
Түркия президенті саясаттан кетуі мүмкін екенін айтты

31 наурызда өтетін муниципалды сайлау Ердоған қатысқан соңғы сайлау болмақ. Саясаткер 2028 жылы болатын президенттік сайлауда социалистік-революциялық партия консерваторлары билікте қалатынына сенімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dw.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияда наурыз айының соңында өтетін муниципалды сайлау елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған үшін соңғы сайлау болмақ. Ердоған бұл туралы TÜGVA жастар ұйымының отырысында мәлімдеді. Ол заңнама бойынша өзіне берілген өкілеттіктерге тоқталды.

Сонымен бірге 70 жастағы саясаткер өзі жетекшілік ететін консервативті Әділет және даму партиясы (АҚП) Ердоған мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін де билікте қалатынына сенім білдірді.