Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италияға барды

AstanaTV
10.03.2024ж. 15:13
388
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италияға барды

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда.

ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл -Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.