Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Әкесі мен қызының Жаңаөзен балабақшасында билеген биі жұрттың жүрегін елжіретті

AstanaTV
10.03.2024ж. 20:00
426
Әкесі мен қызының Жаңаөзен балабақшасында билеген биі жұрттың жүрегін елжіретті

Әлеуметтік желіде тараған әкелер мен қыздарының биі желі қолданушыларының жүрегін тебірентті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Видео Жаңаөзен қаласындағы балабақшалардың бірінде түсірілген болып шықты. Тәрбиешілер 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік бағдарламасын осылай қызықты ете түскен.

Жаңаөзендегі «Хантөре» балабақшасында өткен ертеңгіліктің мына кадрлары желі қолданушыларының жүрегін тебірентті. Сүйкімді балериналар мен батыл, бірақ биге сәл икемсіз әкелердің биі ешкімді бей-жай қалдырмады.

Қазақстандықтар жылы лебіздерін білдіріп, кішкентай ханшайымдарға бақыт тіледі. Би номеріне «Айгөлек» тобының 4 жасар тәрбиеленушілері қатысқан.

-Әкелер мен қыздарына би билетейік деген идея тәрбиешінің бастамасы. Әкелер ертеңгілікке қатысуға қарсы болған жоқ. Олар небары екі күн дайындалған екен. Топ жетекшісі Нұржамал Аманқосқызы Қазбекова болса, хореографиялық бөлімді дайындаған Әдия Мұхитқызы Есіркепова. Әкелердің биге қаншалықты жауапкершілікпен қарағанын, қыздарына сүйсіне қарап, би билеуге жауапкершілікпен қарағаны қуантады. Қыздар әкелерімен билегені үшін мақтанып, қатты қуанды. Олар үшін бұл да жай би емес, - дейді балабақша басшысы Гүлсім Тәджібаева.