Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада мешіттерге қосымша автобустар жолға шықты

AstanaTV
11.03.2024ж. 11:42
353
Астанада мешіттерге қосымша автобустар жолға шықты

2024 жылдың 11 наурызынан бастап Астанада мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты кешкі уақытта мешіттерге қосымша автобустар қатынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"11 наурыздан бастап қасиетті "Рамазан" айында арнайы бағдарлар жүреді. Сіздерге ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді."

"Республикалық Бас мешіт" мешітінің бағыттары:

 "Целинный" Ш/А;

 Есу арнасы;

 Республика даңғ.

11 наурыздан бастап қасиетті "Рамазан" айында арнайы бағдарлар жүреді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 10:25

"Әзірет Сұлтан" мешітінің бағыттары:

 "Спутник" супермаркеті;

 Теміржол вокзалы;

 "Көктал-1,2" ТҮА.

11 наурыздан бастап қасиетті "Рамазан" айында арнайы бағдарлар жүреді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 10:25

"Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің бағыттары:

 "Көктал-1,2" ТҮА;

 Теміржол вокзалы;

 Мед. колледж.

11 наурыздан бастап қасиетті "Рамазан" айында арнайы бағдарлар жүреді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 10:25

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бағыттары:

 "Көктал-1,2" ТҮА;

 "Кирпичный" ТҮА.

11 наурыздан бастап қасиетті "Рамазан" айында арнайы бағдарлар жүреді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 10:25

"Рахымқызы Райса ана" мешітінің бағыттары:

 "Рахмет" СО.

Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді.

Жол жүру құны 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді.

Бағдарлардың қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады.