Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Сот 3 жыл бұрын жасалған қылмысы үшін 15 адамды өлім жазасына кесті

AstanaTV
11.03.2024ж. 12:24
412
Сот 3 жыл бұрын жасалған қылмысы үшін 15 адамды өлім жазасына кесті

Үндістан соты үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысында "айыпты" жеп танылған" 15 адамды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Hindustan Times газетіне сілтеп.

2021 жылы бұзақылар тобы 40 жастағы жергілікті компанияда жұмыс істейтін хатшы Ранжит Сринивасанның есімді азаматтың үйіне басып кіріп, оны анасы, әйелі және қызының көзінше өлтірген.

Айыптаушы тарап сотталғандарға ең жоғары жаза тағайындауды сұрап, олардың әрекетін сынады.

Үндістанда өлім жазасы елдің Қылмыстық кодексіне сәйкес адам өлтіру, терроризммен байланысты қылмыстар, зорлау, адам ұрлау, есірткі саудасы және тыңшылық үшін тағайындалады.