$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде ұялы байланыс қызметі күрт қымбаттады

AstanaTV
11.03.2024ж. 15:39
577
Елімізде ұялы байланыс қызметі күрт қымбаттады

Сарапшылар соңғы жылдары Қазақстанда ұялы байланыс қызметінің қаншалықты қымбатқа түскенін есептеп көрді, - деп жазды KAZINFORM.

Бірінші несие бюросының сарапшылары баға соңғы 13 жылда жоғары қарқынмен өсті деген қорытындыға келді.

«Биыл ақпан айындағы баға қаңтар айымен салыстырғанда 6,2%-ға өсті. Бұл – 2011 жылдың қаңтарынан бері ең жоғары айлық көрсеткіш. Соңғы рет 2023 жылдың шілде және тамыз айларында бағаның күрт қымбаттағаны тіркелген еді (2,8%). Ал ұялы байланыс қызметі соңғы рет 2018 жылдың ақпан айында арзандады», - делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, биыл 15 қаңтарда Tele2, Kcell және Beeline ұялы байланыс операторларына сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3,2 миллиард теңге айыппұл салынған болатын.