Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Өскеменде су басу қаупіне байланысты жедел желі іске қосылды

AstanaTV
11.03.2024ж. 14:26
317
Өскеменде су басу қаупіне байланысты жедел желі іске қосылды

Өскемен қаласында су басу қаупіне байланысты жедел желі іске қосылды.

Бүгінде қалада ауа райы күрт жылып, қар еріп жатыр. Осыған орай көшелер мен аулаларда қар шығару жұмыстары қызу жүргізілуде.

«Таза Өскемен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, нөсер кәріздері, арық жүйелері мен су бұру құрылыстары қардан тазартылуда.
«Қалада кәріз жүйесімен жабдықталмаған бірқатар аумақ бар. Онда үлкен көлемдегі судың тез жиналып кету қаупі туындайды. Өткен демалыс күндері сол аймақтарға тартылған 5 техника арқылы су сору жұмыстары жүргізілді», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, Өскеменде көктемгі су тасқыны жоғары кезеңге байланысты жедел желі іске қосылды. Егер де үйлеріне қарғын су жайылу қаупі байқалса тұрғындар 53-25-77 және 8-777-331-85-36 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.