$453.26 €506.7 ₽5.58

Астаналық тұрғын әлеуметтік желіде былапыт сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды

Астаналық тұрғын әлеуметтік желіде былапыт сөз айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды
Polisia.kz

Астанада әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады

Елорданың 29 жастағы тұрғыны Анарбай Әйтекеби Instagram әлеуметтік желісіндегі Stories бөлімінде көпшілік алдында былапыт сөздер айтылған бейнежазбаны жариялаған. Тексеру нәтижесінде азаматтың жеке басы анықталып, ол полиция басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды Astana TV.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен Анарбай Әйтекебиге 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция қоғамдық орындарда, соның ішінде әлеуметтік желілерде де өзін-өзі ұстау мәдениеті заң талаптары мен жалпыға ортақ тәртіп нормаларына сай болуы керектігін еске салады. Белгіленген талаптарды бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.