Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, 22 жастаға ер адам күйіп қалды

AstanaTV
11.03.2024ж. 16:29
335
Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, 22 жастаға ер адам күйіп қалды

Оқиға Тұран ауданына қарасты Бибарыс Сұлтан көшесінде болды.

Жеке тұрғын үй мен есік алдындағы бастырманы және көлік тұрағы мен «ВАЗ» маркалы жеңіл көлікті өрт шалған. Салдарынан 2002 жылы туған ер жігіттің денесін күйік шалып, гипербарикалық оксигенация орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментіне қарасты №5 өрт сөндіру бөлімінің 17 қызметкері мен 4 техникасы және апаттар медицина орталығынан 3 маман мен 1 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.