$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ақтөбеде лифт шахтасына ер адам құлап кетті

AstanaTV
11.03.2024ж. 17:58
1087
Ақтөбеде лифт шахтасына ер адам құлап кетті

Ақтөбеде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам лифт шахтасына құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта келді.

"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Арнайы зембілдің көмегімен құтқарушылар  Николай Кротов, Ғалымбек Әбдіжамілов, Шыңғыс Мұқаев зардап шегушіні салынып жатқан ғимараттан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.