$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада "Әділ сөздің алдаспаны" атты республикалық командалық айтыс өтті

11.03.2024ж. 20:30
1169
Қызылордада "Әділ сөздің алдаспаны" атты республикалық командалық айтыс өтті

Қызылордада "AMANAT" партиясының қолдауымен "Әділ сөздің алдаспаны" атты республикалық командалық айтыс өтті. Сайыс Әйтеке бидің 380 жылдығына орай ұйымдастырылды. Дүбірлі додада Сыр өңірі мен Шымкент қаласының командалары өзара бақ сынасты. Айтыскерлер, күйшілер, жыршылар, термешілер және дәстүрлі әншілер өнер көрсетіп, сахна көркін қыздырды.

Біржан БАЙТУОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Өзі алғаш басталып жатқан командалық айтыстың алғашқы сөзің бастау оңай болған жоқ. Еніді Ержан Әміровте сайып қыран ақын ғой талай додаларда сөз қағысын жасаған. Сондықтан шама шарқымыз келгенше, қабілетіміз жеткенше Ерекенмен бір сәтті айтыс жасадым деген ойдамын.

Жыр аламанында қазылар алқасының шешімімен қызылордалық команда жеңіс тұғырынан көрініп, келесі кездесуге жолдама алды. Қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, келесі кездесу 15 наурызда Түркістан қаласында өтеді.

Қойлыбай АСАНОВ, АЙТЫСТАНУШЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Айтыстың ең бір керемет критери аттың жалы түйер қолыңда суырып салу ғой. Жанағы қайтадан айтыс өнерін жандандыру. Сонымен қоса термешілерді тыңдап жатырсыздар, жыршыларды тыңдап жатырсыздар, күйшілерді, әншілерді тыңдап жатырсыздар. Әр өлкенің рухани мұрасын осылай жаңғыртып көрсету.