Астана
Сирия бойынша келіссөз жүргізетін тараптарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты. Кездесу, бұған дейін
айтылғандай, 23-ші қаңтарда өтеді деген болжам бар. «Ресей мен Түркия
делегацияларын кімдер басқарып келеді, көп нәрсе соларға байланысты. Біздің
білуімізше, Иран тарапы келіссөздерге қатысуға ниетті»,- деп атап өтті министр.
Сонымен қатар су жаңа министр шетелге алғашқы ресми сапарын Мәскеуден
бастайтынын айтып өтті.
Қайрат
Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Қатысушылардан
күтетініміз - біріккен бір шешімге келу. Өйткені өздеріңізге мәлім, Сирияда
бейбітшілік, қауіпсіздік орнату - ол қазіргі жағдайда жаһандық деңгейдегі өте
үлкен, күрделі мәселе болып тұр. -Яғни бір шешімге келеді деп ойлайсыздар ма? -
Бұл соның қатысушыларына байланысты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ