$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырау облысында екі жасар бала балабақшада көзінен айырылып қала жаздады

AstanaTV
12.03.2024ж. 13:01
753
Атырау облысында екі жасар бала балабақшада көзінен айырылып қала жаздады

5 наурыз күні Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы «Боташым» балабақшасында бала көзінен жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір ол аудандық аурухананың хирургиялық бөлімінде жатыр.

Баланың анасының сөзінше, тәрбиешілер жағдайдың қалай болғанынан бейхабар, ал бейнебақылау камерасының жазбасы жоғалып кеткен.

Қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Балабақша қызметкерлері мен оқиға куәгерлері сұралуда, - делінген Атырау облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Полиция камераға түсірілген видео тексеріліп жатқанын мәлімдеді.