Павлодар облысының Полиция департаменті алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйелдің суретін жариялады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр деп, хабарлайды Bugin.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Халықтың назарына! Бұл азаматша жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктенеді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, басқа жәбірленушілер де анықталып жатыр. Оның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен немесе осы деректер бойынша қандай да бір ақпаратқа ие кез келген адам полицияға 8-707-916-17-17 немесе 102 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласа алады", - делінген хабарламада.